Ғылыми журналы
«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» Мақаланы ұсыну Қоңырау шалуға тапсырыс беру
«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» Мақаланы ұсыну Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Құжаттар үлгілері
Мақаланы ғылыми журналда жариялау үшін автор төмендегі құжаттарды тапсырады:
- Мақаланың ашық баспасөзде жариялау мүмкіндігі туралы сараптамалық қорытынды — 1 дана (үлгі).
- Автор туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты (толық), жұмыс орны (ұйымның толық атауы, бөлімше, бөлім), жұмыс телефоны, факс номері, электронды поштасы (міндетті түрде көрсетілсін), үй мекенжайы және үй (ұялы) телефоны — 1 дана (форма).
- Автордың қолы қойылған, көлемі 3 беттен кем емес және 8 беттен аспайтын мақала қолжазбасы — 1 дана (ресімдеу үлгісі).
- Мақаланы «Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» ғылыми журналында жариялауға жіберу туралы ғылыми бөлімше отырысының немесе ғылыми-техникалық кеңес шешімінің көшірмесі (үлгі).
- Ғылымның сол саласындағы екі жетекші маманның рецензиялары — 1 данадан.
- Мақаланың салынбалы дискіде (Flasch-card), CD дискіде сақталған немесе журнал редакциясын электронды пошта бойынша жіберілген электронды нұсқасы (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндеме, мақаланың атауы мен түйін сөздер (5-7) бар). Суреттер мен сызбалар jpeg форматта жеке файлмен қоса ұсынылады.
- Мақаланың журналда жариялану төлемін растайтын құжат.