Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

Педагогика және психология

Журнал номері, №: 2017. № 1

Медициналық колледж мекемесіндегі бірінші курс студенттерінің бейімделуі

Аннотация: Баспаға ұсынылған мақалада бірінші курс студенттеріне колледж оқу орнына бейімделуде педагогикалық және психологиялық қолдау, бейімделу кезеңдері, себептері қарастырылған. Бейімделудің жалпы сипаты ашылған. Оқу орнына бейімделудің факторлары бойынша зерттеу жұмысының мәліметтерін көрсетілген. Мақала авторлары осы факторлардың жағымды және жағымсыз негіздерін зерттеп, атап көрсеткен. Бірінші курс студенттерінің колледж оқу орнына келіп оқуда психологиялық және әлеуметтік жағынан көретін қиыншылықтарын, олардың себеп-салдарын талдап, педагогикалық қолдаудың ұйымдастыру формалары мен әдіс-тәсілдерін сипаттаған. Мақалада студенттер кәсіби оқу орнының талаптарына бірден үйрене алмайтындығы сипатталған. Үйлесімді жолдармен бейімделу шарттары қарастырылған. Педагогикалық қолдау талаптарына авторлар оқу бағдарламасын жеке даму траекториясына байланысты жүзеге асыру жолдарын айқындап көрсеткен.

Автор:

Егде жастағы адамдар мәселенің әлеуметтік бейімдеу

Аннотация: Бұл мақалада ғылым үшін де өзекті мәселені қарайды және тұтас алғанда қоғамның маңызды авторлар қарт адамдар, психология, әлеуметтік бейімдеу үшін солай.
Егде жастағы егде адамдар, сондай-ақ адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселесі бойынша талдау жүргізілді бапта әлеуметтік-психологиялық әдебиет зерттеу әрекеті орындалды дәрежесі еңбектен кейін бейімдеу кезеңі. Зерттеу нәтижесі көрсеткіштері бойынша, бұл әлеуметтік бейімдеу, олар ұсынылған шал-кемпір дәрежесі әртүрлі сипатталады еңбектен кейін бейімделу кезең.

Ертіс өңірі Павлодар қаласы жастарының өмірлік таңдау мәселесі

Аннотация: Мақалада Павлодар қаласында өткізілген практикалық зерттеуге сүйене отырып жастардың өмірлік таңдау мәселелерін зерттейді. Бұл жұмыста жастардың өмір таңдауы соның ішінде кәсіби жағынан өзін-өзі анықтау және де отбасылық құндылықтарды сезіну көрсетілген. Бірнеше әдістер арқылы 18 және 29 жас аралығындағы жастар сауалнамаға қатысты. Қорытындылай келе, автор Спирмен бойынша корреляциялық зерттеу өткізді. Негізгі нәтижелер графиктер, пікірлер мен ұсыныстар түрінде көрсетілген. Автордың қорытындысы бойынша өмірлік шешім қабылдау адамның тәжірибесіне тәуелді (неғұрлым адамда тәжірибелік шешім қабылдау көп болса, соғұрлым өмірлік таңдау мәселелері аз).

Патриоттық тәрбиенің мәні

Аннотация: Патриотизм, отансүйгіш, патриоттық тәрбие беру ұғымдар сияқты жұмыста қаралады. Негізгі бағыттарын патриоттық тәрбие туралы сипаттамасы берілген. Тәрбиелеуде отансүйгіштік, жауапкершілік, азаматтық, өз елі үшін бүгінгі таңда басты міндеттерінің бірі-білім беру жүйесінде, сондықтан бұл мақалада негізгі түсініктері, компоненттері, міндеттері патриоттық тәрбие беру сұрақтар туралы жазылған.

Кіші мектеп жасындағы оқушының танымдық әрекеттерінің ерекшеліктері

Аннотация: Мақалада балалардың танымдық әрекет ерекшеліктері қарастырылады. Танымдық қызметінің деңгейі, компоненттерін, түрлері, принциптері көрсетіледі.
Мақалада танымдық қызығушылық оқушының жеке сипаттамасының маңыздылығы, ажырамас таным ретіндегі оқушының оқуға эмоционалды қатынасы жайында сөз етіледі.

Отбасы құру мерзімінің түрлі деңгейінде ерлі-зайыптылардың кикілжің жағдайының деңгейі

Аннотация: Мақала отбасы құру мерзімінің түрлі деңгейінде ерлі-зайыптылардың кикілжің жағдайының деңгейін қарастырады. Отбасылық өмірдің түрлі кезеңдерінде ерлі-зайыптылардың кикілжің жағдайы зерттеуінің нәтижелері қарастырылады. Авторлар ерлi-зайыптылардың өзара қарым-қатынасы сипатталды, сонымен қатар, әр түрлі неке мерзіміне ие респонденттер тобының арасында кикілжіңдік деңгейін анықтау мақсатында салыстырмалы зерттеу жүргізілді.

Журнал номері, №: 2016. № 4

Әлеуметтік жағдайы төмен жасөспірімдердің ұжымға бейімделуі

Аннотация: Бұл мақалада әлеуметтік жағдайы төмен жасөспірімдерге арналған жалпы білім беру мекемелердің жағдайында жасөспірімдердің бейімделу мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттердің талдауы ұсынылған. Автор өзіміздің жерімізде, Қазақстанда, әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларға, отбасыларға арналған мемлекет және жеке меншік тарапынан көрсетіліп жатқан қорлар мен мектеп ұжымдардың жұмысына назар аударған.

Өзін-өзі тану сабақтарында оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы

Аннотация: Мақала өзін-өзі тану пәні арқылы оқушылардың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық тәрбиенің мәнін толықтай түсінуге мүмкіндік береді. Оқытудың жаңашыл әдістерінің бірі ассоциаиця іс-әрекеті туралы сөз қозғалады.

Жалпы білім беру мектебінің жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша оқушылардың биологиялық бағалау құрамдас бөлігінің функционалдық сауаттылығы

Аннотация: Мақалада 9 сынып оқушыларының биология бойынша функционалдық сауаттылығын зерттеу нәтижесі ұсынылған. РISA халықаралық бағдарламасының 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау әдістемесі қолданылған. Жаратылыстану ғылыми сауаттылықты бағалау үшін әр түрлі деңгейдегі қиындық тудыратын тестер апробациядан өтті. Оқушыларды емтиханға дайындау процесінде тікелей түрде тест тапсырмаларымен жүйелі жұмыс жүргізу және сонымен қатар базалық деңгейдегі білім мен біліктерін өндеп, бекіту қажет.

Жеке тұлғаның мінез акцентуациялары

Аннотация: Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез кең мағыналы ұғым. Мінездің акцентуациялануы – адамның әрекеті мен істеріңде көрініс беретін мінез ерекшеліктеріне қарағанда жиі басымдылық танытатын, күшті дамыған мінез ерекшеліктері. Акцентуация әрқашанда белгілі бір белгілердің күшеюін ұсынады, сөйтіп жеке тұлғаның бұл белгісі акцентуацияланған болады.Мінез бүкіл өмір бойы қалыптасады. Өмірлік бейнесіне біріккен ойлар, сезімдер мен әрекеттердің бейнелері кіреді. Сондықтан да, адамның белгілі бір өмірлік бейнесінің қалыптасуымен қатар, оның «Мен» деген қасиеттің пайда болуымен анықталады.

Түйін сөздер: Дара күші есею тұйықталған.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11