Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Басты бет Журнал Мақалалар мұрағаты

Педагогика және психология

Журнал номері, №: 2015. № 2

Білім беру үдерісіне құзыреттілікті қалыптастыру тәсілін енгізу

Аннотация: Мақалада оқытудың жаңа парадигмасы жағдайында құзыреттілікке баулу тәсілін қолдану
мәселесі қарастырылған. Басым назар оқытудағы құзыреттілік тәсілдеріне аударылады. Сонымен
қатар тұлғаны дамытуға бағытталған оқытудың мән-мағынасы ашылады. Ашылған тақырып
шеңберінде бірқатар теориялық зерттеулер қолданылған. Білім беру процесін әлеуметтендірудің
қажет екені туралы тезис расталады

Көптілділік білім берудің тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеулерді ұйымдастыру

Аннотация: Бұл мақалада халықаралық тәжірибе аспектісінде көптілділік білім беруді дамыту мәселелері
қарастырылады. Еуропа елдерінде көптілділік деп түсінетіндері, көптілді білім беру нормаға айналу
үшін қандай шаралар қолданылатыны көрсетілген. Қазақстан Республикасында көптілді білім берудің
тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеулерді ұйымдастырудың мүмкін әдістері
ұсынылған.

Ана болуға психологиялық дайындалудың өзекті мәселелері

Аннотация: Бұл мақала ана болуға психологиялық дайындалудың кейбір проблемалары туралы материалды
қамтиды. Мақалада ана болуға психологиялық дайындықты, ана болуға қажетті-уәждемелік
дайындықты, ана болуға құндылықты-мағыналық дайындықты анықтауға мүмкіндік беретін негізгі
факторлар бөлініп шығарылған

Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Аннотация: Бұл мақалада болашақ мұғалімдерді кәсіптік қызметке кәсіби даярлау мәселесі қарастырылады.
Білім беру жүйесінің қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайына және артып келе жатқан роліне
көңіл бөлінген. Болашақ мұғалімді кәсіби қызметке даярлау жүйе түрінде ұсынылған, оған уәждеме,
білім және білік сияқты компоненттер кіреді. Болашақ мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды
жетілдіруге қажетті қағидалар нақтыланған.

Журнал номері, №: 2014. № 4

Қaзaқcтaн Pecпубликacының мeмлeкeттік жacтap caяcaтын іске acыpудaғы жacтap қoғaмдық біpлecтіктepінің pолі

Аннотация: Мaқaлaдa Қaзaқcтaн Pecпубликacы жacтap caяcaтының жaғдaйы мeн дaму бaғыттapы жәнe oны іcкe acыpудaғы жacтap қoғaмдық біpлecтіктepі мeн ұйымдарының pолі қарастырылады.

Автор: Ы. Буквaeвa

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі мониторинг: даму тенденциялары

Аннотация: Берілген мақалада «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» материалдары негізінде педагогтердің үздіксіз білім беру сапасын басқарудың теориялық және практикалық аспектілері, біліктілікті арттыру жүйесіндегі мониторингтің дамуының басты құралдары, тәсілдері және тенденциялары қарастырылған.

Театрландырылған әрекет арқылы мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту

Аннотация: Бұл мақалада авторлар ана тілінің сөздік құрамын тиімді меңгертуді қамтамасыз ететін мақсатқа бағытталған педагогикалық қызмет ретінде түсінетін театрландыру арқылы мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытудың теориялық аспектілері қарастырылған. Театрлық – ойын әрекетін құрастырушы ойындардың жіктелім қатары талданады. Театрландырылған әрекетті мектеп жасына дейінгі баламен жұмыстың әр түрлі бағыттарында ұйымдастыруға болатынын атай отырып, авторлар осы бағыттардың міндеттерін ашады.

Ригидтілік интернет-тәуелділіктің элементі ретінде

Аннотация: Мақала интернет-тәуелділіктің теориялық аспектілеріне, сонымен қатар студент жастарға интернет-тәуелділіктің әсерін талдауға және ригидтілікті зерделеуге арналған. Мақалада интернет-тәуелділіктің түрлері зерделенген, оның туындауының негізгі белгілері аталған. Студенттерде интернет-тәуелділікті анықтау үшін зерттеу жүргізлді, сонымен қатар осы тәуелділіктің алдын алу бойынша ұсыныстар жүйесі берілді.

Педагогикалық ЖОО жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тәрбиелік әлеуетін қалыптастыру

Аннотация: 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің тәрбиелік әлеуетін мақсатты қалыптастырудың негізгі шарты жоғары оқу орнының компонентіне «Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбиелік әлеуетін дамыту» арнайы курсын енгізу болып табылады. Мақалада болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тәрбиелік әлеуеті жиынтығының қалыптасу деңгейін анықтау және оларды қалыптастыру әдістері бойынша өткізілген тәжірибелік-зерттеу жұмыстары қысқаша сипатталады.

Бастауыш сынып оқушыларында геометриялық дайындау арқылы жан-жақты оқу әрекетін қалыптастыру

Аннотация: Орта және жоғары сынып бағдарламасын ойдағыдай игеріп алуға мүмкіндік беретін бастауыш сыныптағы бағыттардың бірі оқушының математикалық білімі болып табылады. Осы мақалада бастауыш сынып оқушыларында геометриялық дайындау арқылы оқу әрекеттерін қалыптастыру мәселесі қаралған.

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11