«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» Мақаланы ұсыну Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Журнал туралы

«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» ғылыми журналы 1998 жылғы желтоқсаннан бастап шығарылады.
Журналда физика-математикалық, техникалық, биологиялық, химиялық-технологиялық, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және олармен шектес ғылымдар саласындағы, экология, халықаралық ғылыми байланыстар бойынша түпнұсқалық әрі бұрын басылмаған зерттеулер нәтижелері туралы мақалалар сонымен қатар жас ғалымдардың зерттеулері жарияланады.
Журналда жариялау үшін әртүрлі бағыттар бойынша мақалалардың қолжазбалары, сонымен қатар бұрын жарияланған жұмыстарға қысқаша түсініктеме, ғылыми конференциялар мен кеңестер туралы ақпарат, монографияларға рецензиялар қабылданады. Журнал мақалаларының толық түйіндемесі болу керек.
Журналда отандық және шетелдік авторлардың қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдеріндегі мақалалар жарияланады. Мерзімділігі: журнал жылына 4 рет (тоқсан сайын) шығарылады.
Журнал Қазақстан Республикасының аумағында, ТМД елдері және алыс шетелдерде таралады.
ISSN 1729-536Х
Ғылыми мақаланың құрылтайшысы: Инновациялық Еуразия университеті.
2007 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген тіркеу куәлігінің № 8712-Ж.