Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру
Мақаланы ұсыну
Қоңырау шалуға тапсырыс беру

Жаңа шыққан нөмірі

№2(70),
2018
Шығарылымды жүктеу

Ғылыми бағыттар

Номерлер мұрағаты

Журнал туралы

«Инновациялық Еуразия университетінің хабаршысы» ғылыми журналы 1998 жылғы желтоқсаннан бастап шығарылады.

Журналда физика-математикалық, техникалық, биологиялық, химиялық-технологиялық, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және олармен шектес ғылымдар саласындағы, экология, халықаралық ғылыми байланыстар бойынша түпнұсқалық әрі бұрын басылмаған зерттеулер нәтижелері туралы мақалалар сонымен қатар жас ғалымдардың зерттеулері жарияланады.

Журналда жариялау үшін әртүрлі бағыттар бойынша мақалалардың қолжазбалары, сонымен қатар бұрын жарияланған жұмыстарға қысқаша түсініктеме, ғылыми конференциялар мен кеңестер туралы ақпарат, монографияларға рецензиялар қабылданады. Журнал мақалаларының толық түйіндемесі болу керек.

Журналда отандық және шетелдік авторлардың қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдеріндегі мақалалар жарияланады. Мерзімділігі: журнал жылына 4 рет (тоқсан сайын) шығарылады.

Журнал Қазақстан Республикасының аумағында, ТМД елдері және алыс шетелдерде таралады.

ISSN 1729-536Х

Ғылыми мақаланың құрылтайшысы: Инновациялық Еуразия университеті.

2007 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген тіркеу куәлігінің № 8712-Ж.

Мақалалар мұрағаты
Болашақ мұғалімнің ғылыми құзіреттілігін қалыптастырудың ерекшеліктері туралы

Аннотация: Ұсынылған жұмыс оның сапасына және мәдениет пен руханилықта, білім беруде, инновацияларды енгізуде жетекші рөлге негізделген ХХІ ғасырдағы білім беру тұжырымдамасын сипаттайды. Сондай-ақ, қазіргі заманғы білім беру парадигмасының негізі болып табылатын өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу секілді басымдықтарды көрсетеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды күшті инновациялық білім беру технологиясы ретінде қарастырады.

Колледж түлектерінің психологиялық бейінін оқыту мақсаттарына әсері

Аннотация: Колледж түлектерінің психологиялық профилі өзара байланысты тұлғалық ерекшеліктердің кешені болып табылады, олар кәсіби-тұлғалық қалыптасуына ықпал етеді және түлектердің кәсіби қызмет жағдайларына бейімделу дәрежесін болжауға мүмкіндік береді. Колледж түлектерінің кәсіби талап ету мәселесі әлеуметтік жетілу, еңбек нарығында бейімделуге қабілетті, кәсіби дамуға даярлықты көрсететін мамандарды дайындау қажеттілігін негіздейді. Колледж түлектерінің психологиялық бейінінің оқу-жаттығу мақсатына әсері тек білім беру жүйесінің ғана емес, жалпы қоғамның да түрлі факторларына байланысты. Бұл үдерісте негізгі рөл колледждің білім беру ортасына жатады. Сондықтан оқу жылдарында студенттің табысты кәсіби-тұлғалық қалыптасуының басты шарттарының бірі колледжде олардың зияткерлік-тұлғалық әлеуетін жүзеге асыру үшін қолайлы психологиялық орта құру болып табылады.

Брэндтің козғалуы интеграциялық франчайзинг құрылымдарының əлеуеттік игерулеріне байланысты

Аннотация: Бұл мақала ұйым брендінің тиімді пішінде өрлеуіне жəне еліміздің интеграциялық франчайзинг құрылымдарымен экономикада дамуына арналған,бəсекеге қабілетті ел болу мақсатында стратегиялық құрал ретінде қарастырылған.